Жаңалықтар

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы облысында да сәтті жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Anti-Fraud» жүйесі арқылы тек Алматы облысында соңғы үш айда 40 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталған. Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Қуаныш Сайлауханның айтуынша, бұл өз кезегінде тұрғындардың алаяқтың құрбанына айналудың алдын алуға ықпал еткен.

— Егер азамат алаяқтардың арбауына түсіп, дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінсе және тиісті мәліметтерді ұсынса, жүйе арқылы есепшоттарға дереу бұғат қойылады. Бұл қаражаттың ұрлануына жол бермей, оны иесіне қайтаруға мүмкіндік береді, — дейді Қуаныш Сайлаухан ресми мәлімдемесінде.

Бүгінде аймақта интернет алаяқтықтың үш түрі кеңінен таралған яғни, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, интернет-дүкендердің атын жамылып алаяқтық жасайды, жалған инвестициялық жобаларға қатыстыру арқылы азаматтарды қаржысынан айырады.

— Қазіргі уақытта интернет алаяқтарының айласы күн сайын өзгеруде, ең маңыздысы — сақтық пен сауаттылық. «Anti-Fraud» секілді жүйелер қауіптің алдын алуға арналған құрал болса, оны тиімді пайдалану әр азаматтың жауапкершілігі. Алаяқтарға алданбау үшін қарапайым ережелерді ескеріп, күмәнді жағдай туындағанда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Себебі әрбір минут маңызды, -деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы  Жарқын Есжанов.

Еске саламыз, жыл басынан 110 киберқылмыс тіркеліп, оның 101-і сотқа жіберілді. Сәйкесінше, қылмысты ашу деңгейі 53 пайызға жеткен.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында «AMANAT» партиясының үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Алматы облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Іле аудандық филиалы жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Жаңалықтар

2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

  Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады. Облыс әкімінің бірінші
Жаңалықтар

МӘМС: Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға бола ма?

Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға болады. Бұл туралы ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді.  Кейбір жағдайларда бейінді маманға алғашқы буын дәрігерінің жолдамасынсыз жазылуға болады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *