Жаңалықтар

Қонаевта аяғында талай жыл ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Осы Қонаев қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда емханада травмотология бөлімінде №3 палатада жатырмын. Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. Магниттік-резонанстық томографияға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады. Ай сайын жарна төлеп отырған соң бәрі тегін болды», — дейді науқас Бақыт Ахметжанова.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті. Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.

«Ересектермен қатар, балалар арасында жарақат алу жағдайлары көп кездеседі. Жаз мезігілінде кез-келген баланың далада уақытын жиі өткізетіні белгілі. Ойын кезінде жарақаттануы оңай. Сондықтан ата-аналарға жеткіншектерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз», — дейді дәрігер-травматолог Камиль Жалалов.

Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін. Бұл тұрғыда медицина мамандарының ақпарынша, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Қарғалыда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 15 маңызды іс-шара өтті

Қарғалы ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – ауылдағы 743 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 25-тен астам ерекше баланың өмір сапасын
Жаңалықтар

Жетісу облысындағы санитарлық қауіпсіздік: 2024 жылдың қорытындылары

2024 жылы Жетісу облысында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында 914 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 762 қызмет оң нәтижемен аяқталды, бұл өңірдегі эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейде бақылауда екенін көрсетеді. Негізгі көрсеткіштер:
Жаңалықтар

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне
Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім грантын тағайындауға үміткерлер арасында конкурс жариялағанын хабарлады

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек конкурс, оқу процесінің ерекшеліктері және мектепте білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Баспасөз-мәслихаты
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *