Жаңалықтар

Алматы облысында “Ауылға кітап” жобасы жалғасын тапты

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасы аясында, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы облысында “Ауылға кітап” жобасы екінші жыл қатарынан іске асырылуда.

Жоба шеңберінде шалғайдағы ауыл мектептері мен жастар орталықтарына соңғы шыққан әдеби және танымдық туындылар демеушілер көмегімен тегін таратылуда.

Өткен жылы демеушілік қолдаумен жалпы құны 10 миллион теңгеге 1000 дана кітап ауыл кітапханаларына жөнелтілсе, биыл 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, құны 2 миллион теңгеге бағаланған 600 кітап Балқаш, Кеген және Райымбек аудандарындағы жаңа ашылған жастар орталықтарына табысталды.

Игі бастамаға қолдау көрсеткен – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

Сыйға берілетін кітаптардың арасында қазақ руханияты мен мәдениеті үшін құнды еңбектер бар. Атап айтқанда, «Жыраулар поэзиясы», «Ұлы дала ойындары», «Алпамыс батыр», «Абай», «Мұхтар Әуезов», «Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор» сынды танымал еңбектер қамтылған.

Салтанатты шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық болмыс пен танымды қалыптастыруға жол ашу.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

  Алматы облысында өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алатыны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат
Жаңалықтар

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жаңалықтар

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы
Жаңалықтар

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін бақылауға 13 мобильді топ құрылды

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *