ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында балық аулауға тыйым салу мерзімдері жарияланды

Жетісу облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша тыйым салу тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында балық ресурстарын сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Балық ресурстарының табиғи көбеюіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады.
2025 жылы келесі мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады:
• Іле өзенінің жоғарғы ағысында (Шарын өзенінің сағасынан ҚХР шекарасына дейін) – 25 наурыздан 5 шілдеге дейін.
• Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері мен Балқаш көліне құятын басқа да өзендерде – 15 сәуірден 1 маусымға дейін.
• Балқаш көлінің өзінде – 25 сәуірден 10 маусымға дейін.
• Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері және олармен байланысты өзендер мен шығанақтарда – 25 сәуірден 16 маусымға дейін.

Заңға сәйкес, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты аталған мерзімдер 15 күнге дейін өзгертілуі мүмкін. Осыған орай, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде бірқатар су айдындарында тыйым салу мерзімі 10-15 күнге ауыстырылды.

Сонымен қатар, инспекцияның үйлестіруімен жыл сайын өткізілетін «Таза су айдындары» экологиялық акциясы аясында балық аулауға тыйым салынған құралдарды жою және жағалауларды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы акция 29 наурызда басталып, оған 200-ден астам адам, 70 су көлігі және 30 автокөлік жұмылдырылды. Нәтижесінде 23 шақырымнан астам заңсыз құрылған ау құралдары алынып, жойылды. 25 сәуірде Сарқан ауданында, Балқаш көлі жағалауында кезекті экологиялық акция өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Полиция департаменті өкілінің айтуынша, облыста көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау мақсатында «Нерест-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – браконьерлікке жол бермеу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және балық ресурстарының табиғи көбеюіне жағдай жасау.

Атап өтейік, жыл басынан бері өңірде балық аулау қағидаларын бұзудың 33 дерегі тіркелді. Оның 7-і бойынша қылмыстық іс қозғалыпды. Жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам айыппұл салынып, төрт тонна балық тәркіленді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы
Жетісу облысы

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм — үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында Аутизм туралы
Жаңалықтар

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын
Жаңалықтар

Сауда саласының дамуы және тұтынушылар құқықтарының қорғалуы талқыланды

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев департаменттің 2024 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *