Алматы облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Кураметова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тімділігі, оның мүмкіндіктері жайлы пікір білдіріп, бүгіндегі облыстағы медицинаның сапасына тоқталды.
«Медицинаның сапасына қатысы сын қызу талқыланып жатыр. Мен де халық қалаулысы ретінде өз пікірімді айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың денсаулығын жақсартуға, медицина сапасын арттыруға аса көңіл бөліп отыр. Оны өзінің Жолдауларында айтылған тапсырмалардан көріп отырмыз. Қазірде денсаулық сақтау саласы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда оң өзгерістерімен қуантып келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Бұрын соңды өзге облыстарда, шетелде жасалып жүрген күрделі, әрі қымбат оталар Алматы облысында қолжетімді болып отыр. МӘМС жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Биыл өңіріміздің 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды. Бұл қуанышты жаңалық қаншама сыртқат жандарға үміт сыйлады. МӘМС арқылы талай жан қымбаттық емді тегін алып жүр. Бүгінде аймақтағы сақтандырылған азаматтардың 70 пайызы жеңілдік санатына жатады екен. Оларға мемлекет жарнаны төлеп отыр», — делінген халық қалаулысының фейсбук парақшасында.