Жаңалық

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.

Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Президентке биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі.

Мемлекет басшысына Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені айтылды: яғни бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.

Сонымен қатар Президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысы таныстырылды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Жаңалық

Жетісулықтар «хостел» ашпай тұрып не білуі керек?

Бұл эконом кластағы қонақ үйдің бір түрі, мұнда келушілер төсек орынды немесе бөлек бөлмені жалға алады. Хостелдерді қайда орналастыруға болады: бөлек тұрған ғимараттарда, көпфункционалды ғимараттардың құрамында, жертөлелер мен бірінші қабаттардағы
Жаңалық

Жетісу облысында ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Жетісу облысында бірқатар іс-шара атқарылмақ. Аудан, қалаларда туған жерінің көркеюіне үлес қосқан тұлғаларға «Құрметті азамат»
Жаңалық

Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі