Жаңалық

NIS Қытайдың жетекші университетімен меморандумға қол қойды: түлектерге шәкіртақы беріледі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға NIS Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов пен CUHK-Shenzhen университетінің академиялық байланыстар кеңсесінің директоры Пол Ке қол қойды. Құжат бакалавриатқа үміткерлерге арналған Халықаралық ашық есік күні аясында рәсімделді.

Келісім NIS түлектеріне не береді?

Бұл ынтымақтастық Зияткерлік мектептердің оқушыларына білім кеңістігін кеңейтіп, жаңа көкжиектерді бағындыруға жол ашады. Шәкірттер заманауи білім беру әдістерімен танысып, халықаралық академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобаларында тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болады.

Келісім аясында CUHK-Shenzhen университеті NIS түлектеріне екі толық бакалавриат шәкіртақысын тағайындады. Бұл шәкіртақылар «Бизнес-әкімшілендіру (қаржылық инжиниринг)», «Аударма ісі (қытай-ағылшын тілдері)» және Музыка мектебінің мамандықтарынан басқа барлық білім беру бағдарламаларына қолжетімді.

Бұл неге маңызды?

Зияткерлік мектептердің бірегей NIS-Programme білім беру бағдарламасын әлемнің бірқатар беделді университеттері ресми түрде мойындаған. Қазіргі таңда NIS түлектерінің дипломдарын Қазақстандағы 24 және шетелдегі 69 жоғары оқу орны қабылдайды. Бұл түлектерге әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы оқу ордаларына түсуге кең мүмкіндік береді.

CUHK-Shenzhen туралы не білеміз?

– QS World University Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 36-орынды иеленген;

– Кампустары Шэньчжэнь және Гонконг қалаларында орналасқан;

– Оқыту үдерісі халықаралық білім беру стандарттарына сай ағылшын тілінде жүргізіледі;

– Университетке түсуші талапкерлер – Қытай мектептерінің үздік 0,5–1% түлектері.

Қытайға сапар қалай өтті?

NIS өкілдері CUHK-Shenzhen университетінің академиялық бағдарламаларымен, студенттерді қолдау жүйесімен, халықаралық алмасу мүмкіндіктерімен және түлектерге арналған мансаптық бағыттарымен танысты.

Сапар барысында цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған қазіргі замандағы білім берудің болашағына қатысты пікірталастарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар CUHK-Shenzhen университетінде білім алып жатқан NIS түлектерімен кездесу өтіп, олар өз оқу тәжірибелерімен бөлісті.

Сабыржан Сәдуақасовтың айтуынша, CUHK-Shenzhen университетімен орнаған ынтымақтастық NIS-тің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, оқушыларға әлемнің үздік жоғары оқу орындарының біріне түсуге бірегей мүмкіндік береді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен "Қазселденқорғау" ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП
Жаңалық

Жительница Талгара стала «пленницей» кольца

22:08, 30 ноября 2025 В Талгаре Алматинской области женщина обратилась за помощью к спасателям, так как не могла самостоятельно снять кольцо с опухшего пальца, сообщает Zakon.kz. Спасатели оперативно прибыли на
Жаңалық

«16 ножевых»: казахстанца подозревают в убийстве 15-летней дочери

18:07, 25 ноября 2025 В Талгарском районе Алматинской области произошла страшная трагедия. Там задержали мужчину по подозрению в убийстве своей 15-летней дочери, сообщает Zakon.kz. Родственница семьи озвучили некоторые детали произошедшего.
Жаңалық

Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.