Қоғам

PepsiCo Алматы облысында зауыт салып жатыр

Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды.

«Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар», — деп жазылған хабарламада.

Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті.

Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.

Сондай-ақ президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады. Тоқаев Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді.

Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды.

Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр.

«Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды», — деп жазылған хабарламада.

Соған сай Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасақтауды көздейді. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салу жоспарланған.

Related Posts

Жетісу облысы

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ: Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Жетісу облысында 8-12 наурыз күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде 12 су басу фактілері тіркелді. 9 жергілікті су басу жағдайларынан Алакөл ауданының Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл станциясы,
Қоғам

Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарды жазалап жатыр

Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда. Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің
Қоғам

Жер аманаты: Алматы облысында 213,5 гектар жер телімі халыққа пайдалануға берілді

Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды. Алматы облысына жұмыс сапарымен келген партияның Атқарушы хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан
Қоғам

Талдықорғандағы NIS оқушылары үздік танылды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «E-Kurultay» инновациялық жобасымен қалалық хакатон сайысында үздік танылды. Өнертабыс қалалық мәселелер бойынша өтініштерді беру және өңдеудің қарапайым және тиімді арнасын ұсына отырып, азаматтардың жергілікті