Жетісу облысыҚоғам

Қаратал ауданында ауыз сумен жабдықтау мәселесі шешілуде

Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

  • Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 33- і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған.
  • 2023 жылы Тастөбе, Бесағаш, Бірлік ауылдарында 518,4 млн. сумен жабдықтау жүйелерін салу жобасы іске асырылды. Нәтижесінде 1065 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
  • Ұмтыл ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жөніндегі жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлу үшін 2024 жылға Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.  Жобаның құны 308,6 млн. теңге.