NewsЖетісу облысы

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл сайлаудың жөні бөлек екенін айтады.
«Соңғы кездегі елімізде болып жатқан өзгерістер көңілімнен шықты. Сол үшін өз дауысымды беріп, үлесімді қоссам деп келдім. Бастысы, елімізде тыныштық болсын», — дейді туған күн иесі. Аталған сайлау комиссиясының төрағасы туған күн иесін құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, бұл учаскеге тіркелген тағы да 3 туған күн иесі бар екен.