«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000 мыңға жуық жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар анықталды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

18-21 ақпан аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 64 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 10 жайтты анықтады.

Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін 182, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 114 әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 44 дерек анықталды.

Атап өтейік, Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыра отырып, қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *