Дәрігер — хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы – Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.
Хирург Асқар Тұрарбековтың айтуынша, инновациялық жабдық оны жұмыс көріністерін ауыстырған кезде де кескіндердің мінсіз анықтығымен, жарықтығы және контрастымен таң қалдырды. Тіндердің, тамырлардың және жүйкелердің шынайы түстерін сақтай алатын құрылғы, дәрігерлерге көру жүктемесін де едәуір азайтты.
Медициналық мекеменің директоры Ракишева Айман Галимжанқызының сөзінше, аталған медициналық жабдықты сынақтан өткізу, оны іс жүзінде бағалау Қонаев қалалық ауруханасының дәрігерлеріне тамаша мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, Айман Галимжанқызы бұл жабдықтың жоғары дәлдіктегі эндоскопияны науқасқа ауыртпалықсыз және қауіпсіз жүргізуге көмек. Дәрігерлерге шырышты қабаттардың жай-күйі туралы толық мәліметтер алуға ыңғайлы құрылғы екендігіне баса назар аударып отыр.
Бұл жабдықта ота жасаған дәіргер-хирург Абылай Алтайұлы Сәкенов, құрылғының негізгі қызметтері сенсорлық экран арқылы еңкейту бұрышы 10° болатынын және бұл мүмкіндік операцияның ыңғайлылығын арттыратынын алға тартады және 55 дюймдік монитор ота кезінде жақсырақ ішке кіріп, әсер етуді қамтамасыз етіп қана қоймай, дәрігерлерге зейінді шоғырландыру мен хирургиялық тиімділікті арттыруға көмектескен. Қонаев қаласының мамандары компанияның осы жабдық заманауи, дәл және қауіпсіз лапароскопия үшін қажет деген ұранын қолдап отыр.
Mindray HD-3 қолдану саласы жалпы хирургия ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және т.б.
Жаңа құрылғыда ота жасалған науқас өзін жақсы сезініп, оташы дәрігерлерге алғысын жаудырып жатыр.