Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы №349 сайлау учаскесінде дауыс беру күні ерекше кейіпкерлер пайда болды. Балаларға танымал «Босс-молокосос» пен LOL қуыршағы сайлау учаскесіне келіп, жұрттың назарын аударды.
Кейіпкерлермен бірге балалар мен ата-аналар суретке түсіп, сайлау учаскесіндегі күнделікті көрініс бір сәтке көңілді шараға ұласты.
Осылайша №349 учаскедегі дауыс беру тұрғындардың таңдау жасауымен ғана емес, балаларға арналған тосынсыймен де есте қалды.




