Талдықорғанда Тоқа Қарқын атты азамат сұйық сабын шығарумен айналысып, отандық өнімді дамытуда. Жеке кәсіпкер цех жұмысын өз қаражатымен дамытып отыр. Цехта жалпы саны 5 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда шет елден мамандар шақырылып, жуғыш заттар шығарудың әдіс-тәсілін үйретуде.Қала тұрғыны бұл кәсіпті ашуының басты мақсаты отандық өнімді өрлетіп, қолжетімді бағада экспорттау дейді. Бұл тауарды Талдықорған қаласы бойынша шағын дүкендердің сөрелерінен табуға болады. Айта кетейік, шығарылатын өнім мөлшері тәулігіне 10 тонна.
Сонымен қатар, цехта ыдыс жууға арналған гель, 3 түрлі кір жууға және автокөлік жууға арналған 20-дан, 30-ға дейінгі автохимиялық жуу құралы, сондай-ақ, өз өндірісіндегі бөтелкелер шығарылады.