«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Талдықорған қаласында 3600 орынға есептелген 3 мектеп салу жоспарланған. Қазір мектеп тапшылығын сезініп отырған Көктал шағын ауданының тұрғындары үшін 1200 орындық мектеп салынбақ. Батыс тұрғын ауданында 1500 орындық мектеп соғылады, Жастар-2 шағын ауданында 900 орындық, деп баяндады бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл.
Бұл шаралар оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған. Жаңа жайлы мектептердің тұжырымдамалық айырмашылықтары бірыңғай құрылыс стандарты бойынша салынып, балалардың қауіпсіздік шаралары артады, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жарақтандырылып, 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек оқу блоктары мен спорт залдары болады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар және тағы басқалар болады, деді қала әкімі. Мектеп нысандарын салу және іске қосу процесінде мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады.