NewsЖетісу облысы

ТЫЛ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум ресми түрде басталды.

Қаратал ауданы, Қаражиде ауылының тұрғыны, 88 жастағы тыл ардагері Жансерік Ахметов Елтай орта мектебіндегі №153 участокқа барып, референдумға дауыс берді.

– Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтып, әр істеріне береке тілеймін. Ең бастысы – тыныш заман болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз елімнің жас ұрпағы көрмесін. Жас та, жасамыс та осы қасиетті жеріміздің, азат еліміздің гүлденуіне, көркеюіне атсалысайық, – дейді тыл ардагері.

Қаражиде ауылы
Қаратал ауыл