ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жаңа жыл қарсаңындағы өрт қауіпсіздігі пысықталды

Жаңа жыл қарсаңында облыста мерекелік іс-шараларға қатысатын нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 428 нысан есепке алынды. 428 комиссиялық тексеріс жүргізіліп, анықталған 132 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары жойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Аубакиров пен Жетісу облысы ПД ӘПБ ҚАБТ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Юрий Пак мәлімдеді.
428 жаңажылдық шырша орнатылып, барлық нысандарда өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, сертификатталған иллюминацияны пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полициямен бірлескен рейдтер жоспары бекітілді. Нәтижесінде, 247 пиротехникалық бұйым тәркіленіп, 2 млн теңгеден астам сомаға 24 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мереке күндері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы өрт сөндіру техникасы және қызметкерлер кезекшілік етеді. Барлық шаралар мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін жалғасады.