Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары 27 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 52 900 адамның 49 608 егілді, қамту 93,8% жетті. Бүгінде қызылша бойынша жағдай тұрақты бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеп келеді. Өткен жылдың желтоқсанында 218, 2024 жылғы қаңтарда 156, ақпанда 147 жағдай тіркелді.