Жетісуда бір жыл ішінде шекарадан 577 мың автомобиль өтті

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Жетісу облысында көлік құралдарының шекара арқылы өтуін қатаң бақылау жалғасуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы «Алакөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттері арқылы 577 мың автокөлік құралы өткен.
Аймақта 6 өткізу пункті бар, оның 5-і Қытаймен шекарада:
– Автомобиль өткізу пункттері – «Алакөл», «Нұр Жолы», «Қорғас ХШЫО».
– Теміржол өткізу пункттері – «Алтынкөл-жол», «Теміржол».
– Ішкі өткізу пункті – Талдықорған қаласы.
Кеден бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін бақылаудың жаңа технологиялары енгізілді. Атап айтқанда, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде өздігінен жүретін және мамандандырылған техниканы қабылдау және ресімдеу рәсімі оңайлатылды – ол интеграцияланған бақылау жүйесінде тіркеусіз бірден уақытша сақтауға жіберіледі.
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қытайға жүк тасымалдары үшін «С» үлгісіндегі электрондық рұқсат беру жүйесін іске қосты. Енді барлық рұқсат беру құжаттары «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы ресімделеді.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *