Жетісу облысы

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсету. Жас ақындардың шығармашылығының шындалуына және әдеби ортада танылуына жол ашу. Өңір әдебиетінде жаңа есімдерді қалыптастыру.

Өнер мектебіне Жетісу облысының шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Әдеби мектептің форматы: жылжымалы. Яғни, мұнда ауылдағы әдебиетке әуес оқушылар ақын-жазушыларды өңірдегі танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады. Жылжымалы мектеп облыстың әр аудан орталығында/қалада 1 апта сабақ өткізеді. Әдебиет мектебі шығармашылықтың жеті бағыты бойынша жұмыс істейді. 2 лектор «Оқу әдебі» және «Жазу мәнері» сабағынан дәріс өткізеді. Оқу әдебінен – ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев сабақ берсе, жазу мәнерінен – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын – Мұхтар Күмісбек лекция өткізеді.

Оған әр ауданнан 20 оқушы қабылданады. Оларға курсты толық аяқтағаны туралы сертификат табысталады. Жалпы облыста 8 аудан, 2 қаланы қосқанда 200 баланы оқытуды жоспарлап отыр. Сабақ барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында аудитпен қамтылған қаражат саны 17 млн. теңгеге жетті

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ағымдағы жылдың соңғы 11 айында 106 жоспардан тыс және  14 жоспарлы аудиторлық іс – шара жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша өңірдегі аудитпен
Жетісу облысы

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

«Жаңа ғасыр» театры Жетісу төрінде!

Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театры 25-28 ақпан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Жетісу облысы

Алакөлдік көпбалалы аналар дауыс берді

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Олар жақын маңдағы дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. «Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердік.