Жоба аясында аясында бүгінде өңірдегі 370-тен аса елді мекеннің 283-ін 4G стандартындағы интернетпен қамтылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының телекоммуникациялар бөлімінің бас маманы Тұран Талғатұлы мәлімдеді.
Бұдан бөлек, көшірмеде, жол қауіпсіздігін бақылау, яғни жол көлік оқиғалары жиі болатын жерлерді болжауға, сонымен қатар қылмыстар жиі орын алатын аумақтар белгіленетін болады. ПД бастығының цифрландыру жөніндегі орынбасарының м.а. полиция подполковнигі Ақылбек Толеуовтың сөзінше, қазіргі таңда 308 дана бейнекамераларды платформаға шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Келешекте қылмыстар және әкімшілік құқықбұзушылықтар көп орын алатын жерлерді «Цифрлық көшірме» жобасына енгізу жоспарымызда»-деді Ақылбек Толеуов
Тұран Талғатұлының айтуынша , қазір 7 бірдей ауылда базалық станция орнату жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса жуырда жаңа буынды 5G байланысын өрістету үшін Қонаев қаласында 10, Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде 9 станция өз жұмысын бастаған. Келесі жылдың соңына дейін мұндай нысандар санын көбейту жоспарланып отыр.