Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам бүйрек, 4 адам бауыр және 2 адам жүрек трансплатациясын қажет етуде.

«Трансплантацияға көрсеткіштер болған жағдайда тиісті комиссияға жіберу туралы шешім қабылдау үшін учаскелік немесе отбасылық дәрігерге тіркелген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына хабарласу қажет», — дейді Жетісу облыстық аурухана директорының орынбасары Ғалым Елибаев.

Бүгінде көптеген адамдар кезегі жетпей өмірден өтуде. Жыл сайын шет елдерде өмірден өткен жүздеген  адам мыңдаған азаматтың өмірін сақтап донор болады. Осыған байланысты мамандар азаматтарды қайтыс болғаннан кейінгі донорлық бастамасын қолдауға шақырады. Қайтыс болғаннан кейін бір донор  шамамен  7 адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Related Posts

Жетісу облысы

Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер

Қазір жасанды интеллект – әлемдік тренд. Біздің қоғам цифрландыруды қолдану мен жасанды интеллектіні бағындыруда уақытпен бірге, көштен қалмай келеді. Қай саланы алып қарасаңыз да, цифрлық бағдарламаларға, жасанды интеллектіні қолдануға талпыныс
Жетісу облысы

Талдықорған қаласы Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл
Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс