Жетісу облысы

Жетісу облысында 47 пайыз қант қызылшасы жиналды

Өңірде тәтті түбірді 597 шаруашылық 13 700 гектар алқапқа екті. Ал одан 615 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дақылдың 47 пайызы жиналып, 303 мың тонна өнім алынды. Жиналмаған қызылшаның көлемі 7,2 мың гектар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.
Жетісу облысында Көксу қант зауыты қызылша қабылдауды уақытша тоқтатты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жинақталған дақылдың сөлі аға бастады. Шаруалардың еңбегін еш кетірмей өңдеп алу үшін Көксу қант зауыты 10 күнге мәжбүрлі түрде қабылдауды тоқтатты. Нысан қазанның 22-нен бастап өнімді қайта қабылдай бастайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, жергілікті билік те, кәсіпорын басшылары да шаруалардың өнімі далада қалмайды деп уәде беруде.
Айта кетейік, шаруаларға мемлекеттік субсидия беру бойынша 13 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 69 өтінім түсіп, оның 36-сы қарастырылды. 1 млрд. теңгеден астам қаражат диқандардың есеп-шоттарына аударылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Биыл Қаратал ауданында 1500 гектар қант қызылшасын егу жоспарлануда

Қаратал ауданы бойынша қант қызылшасы 1 мың 106 га жерге егіліп, толығымен жиналды. Қазіргі таңда 37,6 мың тонна өнім қант өңдеу зауытына өткізілді. 2024 жылы жылы 1500 гектарға қант қызылшасын
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда
Жетісу облысы

Референдумның 10 мың учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ — ҚР ІІМ

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ референдум өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ведомстволардың өкілдері хабарлады. ҚР
Жетісу облысы

Ұстаздар династиясы Исабековтер дауыс берді

Исабековтер - ұстаздар династиясы. Исабекова Бақытгүл Нұрсұлтанқызы Жаналық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл. Анасы – Исабекова Мариямхан Нұрақынқызы 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған. Талай шәкірттерді тәрбиелеген