Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан Ерденов Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында айтты.

11 айда 471 заңды тұлға тіркеліп, 1226 апостиль қойылды. Зияткерлік меншік саласында тексерулер жүргізілді, құқық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ географиялық көрсеткіштерді тіркеуге 6 өтінім берілді.
Қарыздармен күрес аясында «Робот сот орындаушысы» жобасы енгізілді, ол айыппұлдарды өндіріп алу процесін жеңілдетеді және азаматтардың қаражатын үнемдейді. Іске қосылған сәттен бастап облыс аумағында 1983 жеңілдетілген өндіріс қозғалды, бұл бюджетке 15 млн теңгені қайтаруға мүмкіндік берді.

Департамент құқықтық насихатты белсенді жүргізуде, ағымдағы жылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған 280-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ 4367 азаматқа тегін заңгерлік қолдау көрсетілді.

Related Posts

Жетісу облысы

Сарқан ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуда

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне саялы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев келіп, өлкенің соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен бөлісті. «Ауданымыздың ауыл шаруашылығының өсерін молайту барысында өткен жыл басынан 128 дана
Жетісу облысы

Қаратал ауданында ауыз сумен жабдықтау мәселесі шешілуде

Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 33- і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. 2023 жылы Тастөбе,
Жетісу облысы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Жетісу өңірінің 203 мыңға жуық баланы тіркеді

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы жинақтары түсті. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 миллион 920 мыңға жуық. Оның ішінде Жетісу облысында 2023 жылдың 31
Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат