Без рубрики

«Ел ертеңі әр азаматтың таңдауынан басталады»: Нұрлан Түймелиев дауыс берді

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Түймелиев Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді.

Нұрлан Түймелиевтің еңбек жолы мен қоғамдық қызметінің елеулі бөлігі Іле ауданымен байланысты. Ол кәсіпкерлік саласында 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұған дейін Іле аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болған.

«Ел болашағы – әр азаматтың белсенді ұстанымынан басталады. Сайлау – халықтың өз пікірін білдіріп, ел ертеңіне қатысты шешім қабылдайтын маңызды сәт. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек», – деді Нұрлан Түймелиев.

Депутат өңірдегі қоғамдық және қайырымдылық бастамаларға да атсалысып келеді. Оның айтуынша, елдің дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, халықтың әл-ауқаты, бірлігі және ұлттық құндылықтармен де сабақтас.

Related Posts

Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік