Без рубрики

Қонаев фермерлері Құрылтай сайлауына ауыл шаруашылығы техникасымен келді

Қонаев фермерлеріне шаруашылықтағы қызу жұмыс Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға кедергі болған жоқ. Олар егіс алқабынан тракторлармен және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларымен сайлау учаскелеріне тікелей жол тартты.

Қазіргі таңда Шеңгелді ауылдық округінде маусымдық жұмыс қызу жүріп жатыр. Бірі егін жинаумен айналысса, енді бірі қысқа жем-шөп дайындауда. Маусымдық жұмыстың қайнаған шағына қарамастан, фермерлер сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасауға уақыт тапты.

Дауыс беруге барлығы 10 шаруа қожалық өкілі қатысты. Солардың бірі – «Дидар» шаруа қожалығы. Онда биыл 30 гектар жерге картоп, жүгері, жоңышқа және бидай егілген. Қазір мұнда жүгері жинау науқаны жалғасуда, сондықтан әр сағаттың маңызы зор. Соған қарамастан, шаруашылық басшысы Темірхан Бершімбеков жұмысшыларымен бірге дауыс беруге келді.

«Сайлауға қатысу – өңір тұрғыны және Қазақстан азаматы ретіндегі жауапкершілігіміз. Елімізге тұрақтылық пен өркендеу, барлық фермерлерге мол өнім тілеймін. Әр дастарқанда әрдайым ас атасы молынан болсын»*, – деді Темірхан Бершімбеков.

Бүгін де ауыл шаруалары жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ: техника жұмыс істеп тұр, егін жиналуда, қысқа дайындық жалғасуда. Сонымен қатар фермерлер азаматтық құқығын назардан тыс қалдырмай, сайлауға қатысуды маңызды деп санайды.

Тракторлар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникаларының сайлау учаскелеріне қарай бет алған сәті бүгінгі күннің жарқын естелігіне айналды.

Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округінде жеті сайлау учаскесі жұмыс істейді: оның алтауы – ашық, біреуі – жабық.

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді. «Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси
Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне