Жаңалық

Іле ауданында 235 млрд теңгеге 47 жоба іске асады: 2,5 мың жұмыс орны ашылмақ

Бұл туралы 29 қазанда Іле ауданында өткен Кәсіпкерлер күніне арналған жиында айтылды

Іле ауданында кәсіпкерлік пен инвестиция көлемі өсіп келеді. Биыл жалпы құны 235,4 млрд теңге болатын 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Жобалар толық іске асса, ауданда 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Соның ішінде 2026 жылдың өзінде құны 151 млрд теңге болатын 16 жобаны аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Бұл кәсіпорындарда 1600-ден астам адам жұмыс істейді.

Ауданда соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 741 млрд теңгеден 921 млрд теңгеге дейін өсіп, 24 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 206 млрд теңгеден 240 млрд теңгеге жеткен.

Жаңа жобалардың арасында сусын өндіру, қойма кешендерін салу, құрылыс материалдарын шығару және өндіріс қуатын кеңейту бағыттары бар.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов кәсіпкерлердің өңір экономикасына қосып отырған үлесіне тоқталды.

Шара барысында бірқатар ірі компания марапатталды. Carlsberg Central Asia мен Kusto Group – «Үздік инвестициялық жоба», Джей Ти Ай Казахстан – «Бюджеттің сенімді тірегі», Филип Моррис Казахстан – «Жылдың үздік салық төлеушісі», ал Шин-Лайн – «Үздік өндірістік жоба» номинациясына ие болды.

Ауданда кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, субсидия және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылып келеді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен "Қазселденқорғау" ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП
Жаңалық

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант
Жаңалық

Көршіміз үйінде 30 ит ұстайды – тұрғындар шағымы

Жиырма жыл бойы көршімізбен алысып келеміз. Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары көпқабатты үйдің 1 бөлмелі пәтерінде 30-ға жуық ит асырап отырған көршісіне шағымданды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Көршілері Сергейдің