Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты.

Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен «Қазселденқорғау» ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП бөлімінің басшысы Қайсар Тұрсынжанов баяндады.
Халықты және аумақтарды қауіпті табиғат құбылыстарының теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін «Қазселденқорғау» ММ су тасқыны мен қар көшкіні қаупі бар аймақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді.
Даурен Азаматовтың айтуынша Алматы облысының аумағында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.Атап айтсақ, Талғар ауданы-31,Еңбекшіқазақ ауданында 24 участкі тіркелген.
Көшкін қаупі бар учаскелердің күнделікті мониторингі үшін өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап 3 желілік бағытта 6 адамнан бақылаушылар тобы құрылған.Сондай-ақ көшкін қаупі бар учаскелерде 8 ескерту қалқаны орнатылып,су тасқыны жағдайын бағалау үшін 42 гидропост қойылды.

«2023-2024 жылдары қыс кезеңінің басынан бастап қызмет көрсетілетін аумақ бойынша қар көшкіні тіркелген жоқ. Бүгінгі таңда облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты, көшкін қаупі бар учаскелер үнемі бақылауда»,-дейді Қайсар Тұрсынжанов

Жүргізілген рейттік шаралар қортындысы бойынша анықталған су басуға бейім 6 ауданда 11 мың тұрғын үй тіркелген, онда тұратын халық саны 34 мыңнан асады. Су тасқыныының алдын алуға бағытталған шаралардың нәтижесінде қауіпті 27 учаскенің саны 7-ге азайды.

«Су тасқыны кезеңіне дайындық барысында 13,3 км арық жүйесі жөндеуден өтіп, 153 км су бұру арналары орнатыла отырып, механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.Тұрғын үйлерді еріген қар суының басуына жол бермеу үшін елді мекендерден 0,150 мың м3 астам қар шығарылды. Алдағы 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында биыл мамыр айында су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді»,-деді азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023
Жаңалық

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар
Жаңалық

 Алматы облысының цифлық көшірмесі толықтырылуда

  “Алматы облысының цифрлық көшірмесінің” негізгі мақсаты - бұқара мен билік арасындағы ашықтық болып табылады. Қазіргі таңда аталмыш жоба барлық саланы қамтып, толық жетілдірілуде.Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды. Цифрлық көшірмеде
Жаңалық

Ботулизмнің алдын алу

Ботулизмнің алдын алу Тағам ботулизмі – ауыр және өлімге әкелуі мүмкін ауру. Өткен жылы және осы жылдың ағымдағы кезеңінде облыста ботулизм жағдайлары тіркелген жоқ. Бірақ бұрын ботулизм жағдайлары болған, сонымен