Жаңалық

Іле ауданында 3,2 млрд теңгеге салынған тұрғын үй кешенінің алғашқы үйлері пайдалануға берілді

Өтеген батыр ауылында жаңа тұрғын үй кешенінің алғашқы үш үйі пайдалануға берілді. Жобаға салынған жеке инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгеден асты.

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «SULTANoff park» тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Алғашқы кезеңде бес қабатты үш тұрғын үй салынған. Оларда жалпы ауданы 6,5 мың шаршы метр болатын 103 пәтер және 2 коммерциялық үй-жай бар. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері табысталды.

Үйлер газ, су және электр желілеріне қосылған. Кешен аумағында жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көгалдандыру мен сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Тағы үш үй салынып жатыр

Қазір жобаның екінші кезеңі жүріп жатыр. Оның аясында тағы үш бес қабатты тұрғын үй салынады.

Жоба толық аяқталған кезде кешенде алты ғимарат болады. Жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метрден асатын 210 тұрғын және коммерциялық үй-жай пайдалануға беріледі.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өтті.

«Бүгін бірнеше отбасының көптен күткен арманы орындалып, өз баспанасына ие болып отыр. Бұл – үлкен қуаныш. Осы игі іске үлес қосқан жеке инвесторға алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді. Біз де ауданымызда тұрғын үй құрылысын дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға баса назар аударамыз. Ең бастысы – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту», – деді аудан әкімі.

Related Posts

Жаңалық

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

«Jetisý Media» ақпараттық алаңында  Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы   Чарапиев Асхат Сәкенұлының қатысуымен «Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек» деген тақырыпта  баспасөз мәслихаты өтті. Облыстық СЭБД басшысының
Жаңалық

Қонаев қаласында 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржанов айтты. Эпидемиолог-дәргердің айтуынша облыс орталығында жыл басынан бері қызылша ауруының 157 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 19 адам
Жаңалық

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында