Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатқан учаскелерге тегін көлік қызметі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.
Қазіргі уақытта аудан бойынша 30-ға жуық шағын автобус қызмет көрсетіп жатыр. Көліктер, әсіресе, елді мекендердің шеткері аумақтарында тұратын және учаскелерге өздігінен жетуі қиын тұрғындарды тасымалдауда.
Өтеген батыр ауылында екі «Спринтер» шағын автобусы тұрғындарды ауыл аумағындағы сайлау учаскелеріне тегін жеткізіп жатыр.
Сұранысқа қарай көлік саны көбейеді
Тұрғындардың қажеттілігіне қарай қосымша шағын автобустар жолға шығарылады. Олар ауданның әр аумағында қатынап, сайлаушылардың учаскелерге кедергісіз жетуіне жағдай жасайды.
Көлік қызметі тұрғындар үшін толығымен тегін.




