Без рубрики

Құрылтай сайлауы: Іле ауданының әкімі өз таңдауын жасады

Қайыржан Жақсымбетов аудан тұрғындарын бірлік пен азаматтық белсенділікке шақырды

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Сайлау учаскесі Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Аудан әкімі дауыс бергеннен кейін әр азаматтың таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Басты құндылығымыз – елдің бірлігі»

«Біздің басты құндылығымыз – елдің бірлігі мен халықтың ынтымағы. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана алға басып, биік мақсаттарға қол жеткізеді. Сондықтан барша аудан тұрғындарын ауызбіршілігімізді нығайтып, ел болашағы үшін белсенділік танытуға шақырамын», – деді Қайыржан Жақсымбетов.

Аудан әкімі тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, ортақ мақсат жолында ынтымақ пен ауызбіршілікті сақтауға үндеді.

Related Posts