Без рубрики

Спорттағы жеңістен азаматтық таңдауға: Іле ауданының сайлау учаскесіне чемпион келді

Грепплингтен Азия чемпионы №1058 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Бүгін, 23 тамызда, ММА шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Нұрсұлтан Орынбасаров – С.Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

«Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек»

Спортшы жеңістің артында тәртіп, табандылық пен жауапкершілік тұрғаны секілді, ел болашағына қатысты маңызды қадамдарда да азаматтық жауапкершіліктің орны ерекше екенін айтты.

«Спортта біз әрдайым еліміздің абыройын биік қоюға тырысамыз. Елдің болашағы, бірлігі мен тұрақтылығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды», – деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Дауыс бергеннен кейін спортшы тұрғындарды бірлік пен ынтымақты сақтап, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

Related Posts

Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік
Без рубрики

Попутного ветра Курултаю: в Алматинской области на голосование приплыли на парусной лодке

В городе Қонаев шесть спортсменов во главе со своим тренером добрались до места голосования на парусных лодках. Паруса с надписью «Курултай – 23 августа» наполнились ветром, и лодки пересекли Капшагайское