Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қазақстандық студент Әлішер Әзімбаев дауыс берді. Ол учаскеге қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы саналатын би бейнесінде келді, деп хабарлайды alatau24.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Цукуба университетінде «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша білім алып жүрген Әлішер бұл образ арқылы қазақ халқының тарихи дәстүрін қазіргі жастардың заманауи ұмтылысымен ұштастырған.
Құрылтай дәстүрі туралы айтты
Студент Құрылтайдың тарихи тұрғыдан ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданған Ұлттық жиналыс болғанын атап өтті.
— Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады, — деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауында алғаш болып Сеулдегі қазақстандық студент дауыс берген.




