Бүгін, 23 тамызда, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Ерболат Тұрымбетов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Ол Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бірлік пен ынтымаққа шақырды
Ерболат Тұрымбетов тұрғындарды ел болашағына жауапкершілікпен қарап, ауызбіршілік пен татулықты сақтауға үндеді.
«Елдің ең үлкен күші – бірлік пен ынтымақта. Татулық пен тұрақтылықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі сайлау да ел болашағы үшін маңызды кезең. Халқымыз әрдайым бірлігін бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмыла білсін», – деді Ерболат Тұрымбетов.
Ол аға буын өкілдері үшін ел тыныштығы, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығының орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ әр азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге жауапкершілікпен қатысуы мемлекет дамуына қосқан үлесі екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта №1062 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.




