Бүгін, 23 тамызда, құтқарушы Самғат Сәрсек Қонаев қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Самғат Сәрсек Қонаевтағы №5 жағажайда қызмет атқарады. Ол шомылу маусымында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайда жедел көмек көрсетеді.
Бір маусымда 15 адамды ажалдан арашалады
Биылғы шомылу маусымында Самғат Сәрсек 15 адамның өмірін құтқарып қалды. Оның жұмысы шапшаңдықты, батылдықты және кәсіби шеберлікті талап етеді.
Адам өмірін құтқаруды кәсіби міндетіне айналдырған маман сайлау күні азаматтық таңдауын білдірді.




