Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданының Боралдай кентіндегі №344 сайлау учаскесінде жүрекке жылу сыйлаған кездесу болды. Анасымен бірге келген Бақыт Бексұлтан Ернарұлы комиссия мүшелерінің арасынан балабақшадағы тәрбиешісін бірден таныды.
Бала кезінде өзіне тәлім-тәрбие берген апайын көрген Бексұлтан анасынан гүл алып беруін өтінген. Кейін гүл шоғын бұрынғы тәрбиешісіне өз қолымен табыстады.
Тәрбиешісін жыл сайын құттықтайды
Бексұлтанның алғашқы тәрбиешісіне деген құрметі бұл кездесумен шектелмейді. Ол жыл сайын 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында апайын арнайы құттықтап тұрады.
Сайлау учаскесіндегі күтпеген кездесу бала жүрегінде сақталған шынайы алғыс пен үлкенге деген құрметтің көрінісіне айналды.




