Бүгін, 23 тамызда, «Тоқпанов» футбол командасының мүшелері Іле ауданындағы №396 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.
Команда мүшелері дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Спортшылар ел болашағына қатысты таңдау жасау әр азаматтың конституциялық құқығы әрі қоғамдық жауапкершілігі екенін атап өтті.
Спортшылар учаскеге бірге келді
Футболшылардың сайлауға бір команда болып қатысуы учаскедегі ерекше көріністердің біріне айналды. №396 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр.




