Без рубрики

Бұл жолы Ақшақар ханзаданы таңдамады: Іле ауданындағы ерекше дауыс беру

Ертегі кейіпкерінің образымен келген бойжеткен сайлау учаскесіндегі жұрттың назарын аударды

Іле ауданындағы №351 сайлау учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше сәт болды. Карина есімді бойжеткен дауыс беруге әйгілі ертегі кейіпкері Ақшақардың образында келді.

Ерекше киім сайлаушыларды бірден елең еткізді. Ал Карина бала кезден таныс ертегіні бүгінгі күнмен байланыстырып, таңдауын әзілмен жеткізді.

«Бұл жолы Ақшақар ханзаданы емес, өз таңдауын таңдады», – деді ол.

Осылайша №351 сайлау учаскесіндегі дауыс беру ертегі кейіпкерінің тосын образымен де есте қалды.

Related Posts

Без рубрики

Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Alatau24.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. – Бұл жолғы сайлауды шын мәнінде тарихи оқиға