Без рубрики

Іле ауданында сайлаушылардың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді

Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша ауданда дауыс беру көрсеткіші 54,01 пайызға жетті

Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 157 051 азамат енгізілген.

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 84 819 сайлаушы өз таңдауын жасады. Бұл ауданда дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 54,01 пайызын құрайды.

Учаскелерде дауыс беру жалғасуда

Күннің екінші жартысында сайлау учаскелеріне келушілер қатары артып, тұрғындардың белсенділігі байқалды. Әртүрлі жастағы азаматтар белгіленген тәртіппен дауыс беріп жатыр.

Аудан аумағындағы сайлау учаскелерінде тұрғындарға қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері дауыс беру үдерісінің талапқа сай әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етуде.

Related Posts

Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне