Без рубрики

Жасанды интеллект дәуіріндегі сайлау: Қонаевта робот сайлаушыларды қарсы алуда

Қонаевта Құрылтай депутаттарының сайлауы заманауи технологиялармен үндесіп, ерекше форматта өтіп жатыр.

№949 сайлау учаскесіне келген тұрғындарды бүгін робот қарсы алып, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сайлау тәртібі туралы ақпарат беруде.

Робот сайлаушыларды «Құрметті сайлаушы! Сайлау учаскесіне қош келдіңіз!» деген сөздермен қарсы алып, дауыс беру уақыты мен рәсіміне қатысты негізгі ақпаратты жеткізеді. Сондай-ақ азаматтарға сайлауға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, белсенділік танытуға үндейді.

Бұл – Қонаевта сайлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің көрінісі. Әсіресе Қазақстанда 2026 жылдың Жасанды интеллект жылы деп жариялануы аясында роботтың сайлау учаскесінде ақпараттық қызмет атқаруы ерекше мәнге ие.

Үш тілде сөйлейтін робот учаскеге келген тұрғындардың назарын аударып, сайлау рәсімін заманауи әрі есте қаларлық форматта таныстыруда. Балалар мен жастар да ерекше технологияға қызығушылық танытып, роботпен суретке түсіп, оның жұмысын тамашалады.

Related Posts

Без рубрики

Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Alatau24.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. – Бұл жолғы сайлауды шын мәнінде тарихи оқиға
Без рубрики

Қонаевта 92 жастағы кейуана үйден дауыс берді

Қонаев қаласының тұрғыны Ұлжан Дәрібаева 1934 жылы тамыз айының 22 жұлдызында дүниеге келген. Күні кеше туған күнін тойлаған кейуана бүгін үйінен таңдау жасап, Құрылтай сайлауында белсенділік танытты. «Біз ҰОС кезеңін