Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындар медициналық тексеруден де өтті. «Денсаулық – зор байлық» акциясы аясында 200-ге жуық адамға дәрігерлер кеңес берді.
Тұрғындарды офтальмолог, акушер-гинеколог және терапевт қабылдады. Сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ең жоғары сұраныс офтальмолог қабылдауы мен УДЗ-ге түскен.
Бірнеше маман бір жерде қабылдады
Акушер-гинеколог әйелдер денсаулығына қатысты тексеру жүргізсе, терапевт тұрғындардың жалпы жағдайын бағалап, аурудың алдын алу бойынша ұсынымдар берді.
Медициналық тексеруді ұйымдастыруға дәрігер Эльмира Барынова жетекшілік етті.
— Бүгін офтальмолог қабылдауы мен УДЗ-ге сұраныс жоғары болды. Тұрғындар бірнеше маманға бір жерде қаралып, тексеру нәтижесі бойынша қажетті кеңестер алды, — деді Эльмира Барынова.
Осылайша, сайлау учаскесіне келген тұрғындар бір мезетте дауыс беріп, денсаулығын тексертуге мүмкіндік алды.




