Без рубрики

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан Іле ауданында дауыс берді

Қаламгер бұл жолы қоғамдық оқиғаны сырттай бақыламай, сайлаушы ретінде қатысты

Бүгін, 23 тамызда, жазушы, журналист және тележүргізуші Қанат Тілеухан Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Қанат Тілеухан – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, документалист, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» және «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері.

«Бүгін камераның ар жағында емеспін»

— Журналист ретінде талай қоғамдық оқиғаны сырттан бақылап, сол сәттерді көрермен мен оқырманға жеткізуге тура келеді. Ал бүгін камераның ар жағында емес, учаскеге келген қарапайым тұрғындардың бірімін, — деді Қанат Тілеухан.

Қаламгердің шығармашылық жолы әдебиет, журналистика және деректі кино салаларын тоғыстырады. Бұл жолы ол қоғамдық оқиғаны түсірген жоқ – оның бір сәтіне өзі қатысты.

Related Posts