Без рубрики

Ақ шашу мен ана батасы: Іле ауданындағы сайлау учаскесінде ерекше рәсім өтті

Боралдай кентіндегі №339 учаскеге Аналар кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаева келді

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданының Боралдай кентіндегі №339 сайлау учаскесінде ұлттық дәстүрге негізделген ерекше рәсім өтті.

Округтік Аналар кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаева учаскеге шашу шашып, ақ батасын берді. Ол елдің бірлігі мен берекесін тілеп, көпшілікке ізгі ниетін жеткізді.

Шәлі жауып, Абайдың қара сөздерін сыйлады

Сайлау комиссиясының мүшелері Мархаба Қаламбаеваның иығына қазақы дәстүрмен шәлі жапты. Сондай-ақ оған Абай Құнанбайұлының қара сөздер жинағын тарту етті.

Бұл сәт сайлау күніндегі үлкенге құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеген ерекше көріністердің біріне айналды.

Related Posts

Без рубрики

Қонаевта 92 жастағы кейуана үйден дауыс берді

Қонаев қаласының тұрғыны Ұлжан Дәрібаева 1934 жылы тамыз айының 22 жұлдызында дүниеге келген. Күні кеше туған күнін тойлаған кейуана бүгін үйінен таңдау жасап, Құрылтай сайлауында белсенділік танытты. «Біз ҰОС кезеңін