Без рубрики

Іле ауданында алғашқы дауыс берген сайлаушы студент болды

Байсерке ауылындағы №361 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау студент Лаура Токанованың дауыс беруінен басталды.

23 тамызда Іле ауданының Байсерке ауылындағы №361 сайлау учаскесі жұмысын бастаған сәтте алғашқы сайлаушы келді.

Бірінші болып өз таңдауын жасаған — Байсерке ауылының тұрғыны, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Лаура Токанова.

Лаура учаскеге таңертең, дауыс беру басталған уақытта келген. Құжаттары тексерілгеннен кейін оған осы күнгі алғашқы бюллетень табысталды.

Осылайша, №361 сайлау учаскесіндегі дауыс беру рәсімі жас сайлаушының таңдауынан басталды.

Related Posts

Без рубрики

Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай сайлауына қатысты

Қонаев қаласының тарихы мен қалыптасуында айрықша орны бар Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Қапшағай ГЭС-і – қаланың бой көтеруіне негіз болған стратегиялық нысандардың бірі. Бір