Без рубрики

Асықтан арқан тартысқа дейін: Өтеген батырда ұлттық ойындар ұйымдастырылды

№349 және №350 сайлау учаскелерінің маңы бірнеше буынның басын қосқан ойын алаңына айналды

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданының Өтеген батыр ауылында ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Оған ауыл тұрғындары мен 100-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.

Қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас және арқан тартыстан бақ сынады. Сондай-ақ шахмат пен дойбы ойындары ұйымдастырылды.

Бір алаңда бірнеше буын бас қосты

Асық атуда қатысушылардың мергендігі сыналса, бес таста шапшаңдық пен ептілік қажет болды. Тоғызқұмалақ, шахмат пен дойбыда логикалық ойлау қабілеті сарапқа салынды. Ал арқан тартыс командалық үйлесім мен күшті талап етті.

Сайыстарға балалармен қатар ересектер де белсенді қатысты. Осылайша, ұлттық ойындар алаңы бірнеше буынды бір ортаға жинап, дәстүр сабақтастығын дәріптеген шараға айналды.

Related Posts

Без рубрики

Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Alatau24.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. – Бұл жолғы сайлауды шын мәнінде тарихи оқиға