Без рубрики

Іле тұрғыны референдумда құтқарып қалған итімен сайлауға келді

Светлана Чуманова дауыс беруге жалғыз барып, үйіне төрт аяқты досымен оралған еді.

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданының Байсерке ауылында тұратын зейнеткер Светлана Чуманова Құрылтай депутаттарының сайлауына кезінде сайлау учаскесінің маңынан тауып алған итімен бірге келді.

Алдыңғы референдум күні Светлана дауыс беруге жалғыз барған. Учаскеден шыққан кезде жарақаттанған итті байқап, оны далада қалдырмай, үйіне алып кеткен.

Жаралы ит үйдің бір мүшесіне айналды

1974 жылдан бері Байсерке ауылында тұратын зейнеткер иттерді ерекше жақсы көретінін айтады. Ол жануарды емдетіп, күтім жасаған. Уақыт өте кездейсоқ кездескен ит оның төрт аяқты серігіне айналған.

— Мен дауыс беруге ғана шыққанмын. Қайтар жолда осы итті көрдім. Жарақаттанған екен. Иттерді жақсы көретін адам болған соң, тастап кете алмадым. Үйге алып кеттім, емдедік, күттік. Содан бері бірге тұрамыз. Сол күні өміріме жаңа дос кіретінін қайдан білейін, — дейді Светлана.

Бір дауыс беру күні басталған кездейсоқ таныстық келесі сайлау күні жалғасын тапты: бұл жолы Светлана учаскеге төрт аяқты досымен бірге келді.

Related Posts