Без рубрики

Іле ауданындағы сайлау учаскесінде «Шұбат party» ұйымдастырылды

Ақши ауылындағы №417 учаскеде сайлаушыларға ұлттық сусын ұсынылды

Іле ауданының Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылындағы №417 сайлау учаскесінде «Шұбат party» этномәдени шарасы өтті.

Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындарға ұлттық сусын ұсынылып, ақсақалдар шұбаттың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі орны мен маңызы туралы әңгімеледі.

Ұлттық сусынның қадірі айтылды

Түйе сүтінен әзірленетін шұбат – көшпелі өмір салтынан жеткен ұлттық мұралардың бірі. Ол қазақтың қонақжайлығы мен дастарқан мәдениетінің белгісі саналады.

Шара барысында шұбаттың құрамы дәрумендер мен пайдалы микроэлементтерге бай екені, жұғымдылығы жоғары болғандықтан ертеден бағалы сусын ретінде тұтынылғаны айтылды.

Ұлттық сусынды дәріптеуге арналған бастама ауыл тұрғындарын бір ортаға жинап, жастарға дәстүр мен бабалар мұрасын таныстыруға мүмкіндік берді. Сайлау учаскесіндегі «Шұбат party» дауыс беру күнінің ерекше көріністерінің біріне айналды.

Related Posts

Без рубрики

Попутного ветра Курултаю: в Алматинской области на голосование приплыли на парусной лодке

В городе Қонаев шесть спортсменов во главе со своим тренером добрались до места голосования на парусных лодках. Паруса с надписью «Курултай – 23 августа» наполнились ветром, и лодки пересекли Капшагайское