Без рубрики

Жұмыста да, сайлауда да бірге: Байсеркеде зауыт ұжымы дауыс беруге келді

«Евро бетон» қызметкерлері №367 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

23 тамызда Іле ауданы Байсерке ауылындағы «Евро бетон» зауытының қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына бірге келіп, дауыс берді.

Күн сайын бір кәсіпорында еңбек ететін жұмысшылар №367 сайлау учаскесіне ұжым болып барды. Олардың арасында Байсерке ауылының тұрғындары мен өндірістің түрлі саласында жұмыс істейтін мамандар бар.

Қызметкерлермен бірге кәсіпорын басшысы Руслан Ибрагимов та дауыс беруге қатысты.

— Зауыттың Байсеркеде орналасқанына байланысты біздің қызметкерлер арасында осы ауылдың тұрғындары көп. Бірі мұнда бірнеше жылдан бері еңбек етсе, енді бірі өндірістің басқа бағытында жұмыс істейді. Күн сайын зауытта кездесетін әріптестерімізбен бүгін №367 сайлау учаскесіне бірге келдік, — деді Руслан Ибрагимов.

Зауыт қызметкерлері белгіленген тәртіппен бюллетень алып, өз таңдауларын жасады.

Related Posts

Без рубрики

Қонаев фермерлері Құрылтай сайлауына ауыл шаруашылығы техникасымен келді

Қонаев фермерлеріне шаруашылықтағы қызу жұмыс Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға кедергі болған жоқ. Олар егіс алқабынан тракторлармен және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларымен сайлау учаскелеріне тікелей жол тартты. Қазіргі таңда Шеңгелді