Без рубрики

Сайлау күні жолақы жоқ: Алматы облысында автобустар тегін жүріп жатыр

Тегін жол жүру бірнеше қала мен ауданда ұйымдастырылды

Бүгін, 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алматы облысының бірқатар қала-ауданында қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді.

Автобустар әдеттегі бағыттары бойынша бекітілген кестемен жүреді. Тегін жол жүру Қонаев және Алатау қалаларында, Іле, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында қарастырылған. Қалааралық бағыттар бұл тізімге кірмейді.

Қай бағыттарда жолақы алынбайды?

Қонаевта №1, №2, №3, №4, №7, №8 және қала маңындағы №9П, №10П, №11П бағыттары тегін.

Алатау қаласында №1 Gate City – Көктөбек және №2 Құйған – Gate City бағыттарында жолақы алынбайды.

Іле ауданында №301, №302, №303, №305 және №306 маршруттары тегін жүреді. Қарасай ауданында Қаскелеңдегі №1, №2, №3, №5, №6, №7 және №9 бағыттар тегін қызмет көрсетеді.

Жамбыл ауданында Ұзынағашты Ынтымақ, Жаңақұрылыс, Қайназар, Қарғалы, Қазыбек бекеті, Бесмойнақ және Дегерес елді мекендерімен байланыстыратын жеті бағытта жолақы алынбайды.

Ұйғыр ауданында №1 және №2 ауылішілік маршруттар, Талғар ауданында 12 бағыт тегін қатынайды.

Еңбекшіқазақ ауданында Есік пен Шелекті Ақтоған, Қорам, Қаражота, Таукаратұрық, Малыбай, Нұрлы, Нұра, Алмалы, Талдыбұлақ, Бәйдібек би, Амангелді және Өрнек ауылдарымен байланыстыратын бағыттарда да жол жүру тегін.

Тегін жол жүру мүмкіндігі тұрғындарға сайлау учаскелеріне қосымша шығынсыз барып-қайтуға мүмкіндік береді.

Related Posts