Без рубрики

«Алдымен – дауыс, кейін – той»: Іле ауданында жас жұбайлар дауыс берді

Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы сайлау учаскесіне той киімімен келді.

Бүгін, 23 тамызда, жас жұбайлар Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.

Ақ көйлек киген қалыңдық пен классикалық костюмдегі күйеу жігіт учаскедегілердің назарын бірден аударды. Жас жұбайлар той күнінің қарбаласына қарамастан, дауыс беруге арнайы уақыт бөлген.

Той күніндегі ерекше естелік

Жас отбасын сайлау учаскесінің төрағасы құттықтап, ақ тілегін білдірді. Учаскеде болған тұрғындар да ізгі ниеттерін жеткізді.

— Бүгін біз үшін ерекше күн. Тойдың арасында сайлау учаскесіне де келіп үлгердік. Шынымды айтсам, бір күні қалыңдық көйлегімен дауыс беруге келемін деп ойламаппын. Енді бүгінгі күннен осындай ерекше суреттер де естелікке қалады, — деді Асия.

Дауыс бергеннен кейін жас жұбайлар тойын жалғастыруға аттанды. Енді олардың 23 тамыздағы естелік суреттерінің қатарында сайлау учаскесінде түсірілген ерекше кадрлар да бар.

Related Posts

Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік
Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне